Осыдан 9 ай бұрын шоу-бизнесте жаңа топ пайда болды. «Арарат» деген атпен шыққан үш қыз 2 бейнебаян түсіріп енді танылып келе жатқан кезде топтан кетіп қалды. Алайда, продюсер мұңайған жоқ. Ол бірден кастинг жариялап, үштікті квартетке айналдырды.
Арарат тобы:
«Біз «Арарат» тобының жаңа құрамы. Бізден алдынғы топтың қыздары тұрмыс құруына байланысты біз жаңадан құралған «Арарат» тобымыз. Бұл топқа кастинг арұылы келдік. Топтың қыздар-жігіттерін таныстырып өтсем, Бекарыс, Айдана, Аяжан, мен Шах».


Құрам түгел өзгерсе де, топтың стилі дәл сондай.
«Біздің жұмыс жасап жатқанымызға 6 айдан асты. Қазір стиліміз өзгерген жоқ, шығыс әндері. 8 авторлық әндеріміз бар. Және де осы бейнебаянымыз Той Думанға өтті. Екінші бейнебаянымыз шығады. Алда көптеген жаңалықтарымызбен қуантамыз».


6 айдың ішінде олар бейнеклип те түсірді.
«Бірінші бейнебаянымыз «Қазақ тойлары» деген бейнебаян, Шымкент қаласында түсірілді арнайы декорациямен. Трэктік жоба. Бірінші бейнебаянымыз болған соң, өзімізді таныстыру мақсатында түсірілді».

3 күнге созылған түсірілім күндері оңайға соққан жоқ.
«Әрине біз бірінші күндері камерадан қобалжып, түсінісе алмадық бір-бірімізді. Алдағы 2-3 күндері бір-бірімізді түсінісіп, қолдап жақсы дүние шығардық».


Біреулер 10 жыл сахнаның шаңын шығарып концерт өткізуге ойланып жүрсе, Арарат тобы қазірдің өзінде дайындық үстінде.
«Жақында Шымкент қаласында өзіміздің жеке шығармашылық концертіміз өтеді. Соған тағы жаңа өлеңдер жазып, дайындалу үстіндеміз».


Бірақ, әрине жас әншілердің жүрегінде қорқыныш сезімі бар.
«Иә, әрине қорқыныш бар. Біз сол қорқынышты еңбекпен жеңеміз деген ойдамыз. Сондықтан, бірінші концертімізді оңтүстік өңірлерінде береміз, кейін өзіміздің туған жер Шымкент қаласында береміз деген ойдамыз».


Ендеше, Той Думан арнасы басқан қадамдарыңыз құтты болсын дейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар