Күні бүгін Жазира Байырбекова инстаграм парақшасына ұлы Қазбектің суретін салып, «жаңа бейнебаян» деп жазба қалдырды. Әншінің оқырмандары тұңғыштарының өнер саласына келгеніне таңқалуда. Біз бұл оқиғаның мән-жайын білу үшін Жанболат пен Жазираның директорына хабарластық. Сөйтсек, олар шынымен де түсірілімге кірісіпті. Алайда, Қазбек ән салмайды. Тек бейнеклипте бағын сынамақ. Айтпақшы, туынды аналарға арналған. Иә, иә жұптың аналары да міндетті түрде бейнебаянға түседі. Сол үшін, олар түсірілім тобымен Аралға және Шымкентке жол тартты. Ендеше, жаңа дүние дайын болған соң, бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар