Еліміздің жас әрі талантты актерлары Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова қырғыздың «Көк-бөру» атты фильміне түсуде. Туындының режиссеры Руслан Акун. Руслан мырза өз елінде белгілі режиссер. Айтпақшы, Тәуекел Мүсілім басты рөлдің бірін сомдаған, «Ананы іздеу» картинасымен, ол қазақстандықтардың жүрегін жаулаған еді. Иә, иә фильм қазақстандық айналымда үздік атанып, бір аптаның ішінде 140 млн теңгеден жоғары қаржы жинады. Бұл жолы да, ол киносына еліміздің белгілі актерларын шақырды. Өмірде Төлепов пен Жоланова таныс болса да, түсірілім алаңында бірінші рет бірге жұмыс жасамақ. Айта кетейік, фильм тек Қырғызстанда емес, елімізде де түсіріледі. «Көк-бөру» туындысы «Көкпар» ұлттық ойынына арналған. Асылхан мен Гүлназ басты рөлдерді сомдайтын жаңа картина экшн жанрында болмақ. Сонымен қатар, фильмде міндетті түрде трюктар мен арнайы эффектілер көп болмақ. Бүгінгі таңда түсірілім Қырғызстанда өтіп жатыр. Ендеше, фильм үлкен экрандарға шыққан соң, бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар