Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз Венгрия боксшысы Золтан Шабоны жеңді. Айта кетейік, Данияр кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін 28 сәуір күні өткізіп, америкалық Ноа Кидты 3 раундта техникалық нокаутпен ұтқан. Ал, Золтан Шабо 5 күн бұрын өз елінде жеңіске жеткен екен. Негізі Данияр бастапқыдан Венгрия боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ, ол кездесуге бірер күн қалғанда жарақат алып қалды. Әрине, күні кеше өткен шаршы алаңдағы ұрыс әсерлі болды. Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылса да, отандасымыз басынан-ақ басымдықты ұстады. Нәтижесінде, Елеусінов төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз атанды. Айтпақшы, Даниярдың келесі кездесуі белгілі болды. Ол 28 шілде күні Лондонда аса ауыр салмақта британдық Диллиан Уайт пен кубалық Луис Ортистің андеркартында жұдырықтасады. Ендеше, біз Данияр Елеусіновті құттықтаймыз. Тек қана алға.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар