Ақпан айының басында Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков сынды өнер иелерінің өнердегі әкесі Алтынбек Қоразбаев жетпіс жылдығына орай жеке концертін болатын. Енді міне, елордалық тұрғындар да мұндай кешке куә болды.

Сәкен Майғазиев, әнші:
«Көкеміздің бұл шығармашылық концерті қателеспесем бесінші рет өтіп жатыр. Бірінші Алматы қаласы тойлады екі рет. Сосын Тараз қаласынығ әкімдігінің, облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз ұаласында өтті. Және Меркеде көкеміздің өзінің туған жерінде өтті. Және Астана қаласының жиырма жылдығы қарсаңында осы керемет кештің куәсы болғалы отырмыз».


Бұл кеште тек Алтынбек мырзаның өнердегі балалары ғана емес, немерелері де өнер көрсетті.

Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтің шәкірттері Қанат пен Раимдар бірге бірнеше әндерін орындады. Белгілі композитормен бір сахнаны бөлісу Қанат үшін үлкен қуаныш болды.
Қанат Үмбетов, әнші:
«Бүгінгі кеш ерекше кеш болайын деп тұр. Өйткені, біріншіден Алтынбек көкеміз, атамыз жетпіс жасқа толып жатыр. Сол үлкен бір мерейтойды осы Астана қаласында концер өткізіп жатқаны. Сол концертке мен де өз үлесімді қосып, атсалысып өнер көрсеткеніме мен де шын жүректен қуаныштымын».


Биыл Алтынбек Қоразбаевтың жетпіс жылдық мерейтойы. Осы уақыт аралығында композитор көп ән шығара қоймапты.
Сәкен Майғазиев, әнші:
«Жалпы Алтынбек Қоразбаев әкеміздің жалпы көп емес әндері. Бар-жоғы жетпіске жуық қателеспесем әндері бар. Бірақ, оның барлығы, қуанышқа орай бір 99 пайызы танымалдылыққа ие. Жүректерге жол тапқан қазіргі тілмен айтқанда хит дейміз ғой».


Иә, расыменде Алтынбек мырзаның әндері талай жүректерден орын алды. Бұл үлкен бақыт десек артық айтқандық емес. Ендеше, Қоразбаев мырзаға Той Думан арнасы шығармашылық табыс тілеп, көңілдерді тебірентер есті әндеріңіз көп болсын дейді. 100 жасаңыз халықтың сүйіктісі.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар