Плагиат. Мұндай термин біздің елде кең тараған. Өйткені, отандық әншілердің көбісі шетелдерден әндерді рұқсатсыз жиі алады. Алайда, бұл жолы барлығы керісінше болды. Ирандық әнші Араш, Ерлан Орынбасаровтың әнін ұрлап алыпты. Мұндай ақпаратты қазақстандық әнші өзінің инстаграмы арқылы хабарлады. Әнді тыңдап көргенімізде расыменде ұқсастықты байқадық.

Араштың бұл туындысы үстіміздегі жылдың 25-ші қаңтарында жарық көрген. Ал, Ерлан «Жаралы» әнін 2014-ші жылы жарыққа шығарған. Осылайша, ирандық әнші Орынбасаровтың әнін ұрлап алған. Қазір әннің авторы сотқа беретін ойы бар. Бірақ, алдымен авторлар қоғамымен ақылдасып алмақ. Содан соң іске көшпек. Ендеше, бұл даудың соңы немен бітер екен?! Той Думан арнасы оны жіті назарда ұстайтын болады. Сондықтан, арна қосулы болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар