Оның үстіне, тойдағы келген қонақтардың басты назары қалыңдықта болатыны сөзсіз.

Сонымен, әлеуметтік желілерді шулатқан осы жылдың сәнді той көйлектерін назарларыңызға ұсынамыз.

Жылдың ең сәнді және қымбат көйлегі отандық дизайнер Эльмира Ибрагимованың коллекциясынан шыққан болатын.


Қазақстанда испандық, қытайлық той көйлектері сұранысқа ие. Бірақ, соңғы уақытта осы саланы жетік меңгерген отандық дизайнерлер де талайды таңқалдырып жүр. Мысалы, Наильдің мына көйлегін Итальяндық қалыңдық Лананың үстінен көрдік...


Қазақстандық танымал тұлғалардың өздері де, қалыңдықтары да аса үлкен эпатажды образдардан аулақ. Бәрі де қазақы болмысқа сай болуы керек. Мысалы, Серіктің тойдан кейін желіде жұлдызға айналған жұбайы Айнамкөз де, 2016 жылы әзіл әлемі театрына келін боп түскен Аманғалидың жары Марал да қарапайымдылық ақсүйектердің стилі деп осындай қалыңдық көйлектерін таңдады.


Осы жылы үйленген дауыс тобының әншісі Бердібек Құлғараев жарына арналған той көйлегіне ақшаны аямады. Батыстың келіні маржан тастармен көмкерілген көйлекпен көзге түсті.


Гүл, маржан тастармен көмкерілген Мөлдір Әуелбекованың көйлегіндей үлгі әлі қайталанбады. Жалпы, бағасы 840 мың теңгені құраған көйлек Астаналық дизайнер Мадина Көбееваның қолынан шыққан.


Той көйлектеріне таңдау шексіз. Бағалары жүз елу- екі жүз мың теңгеден бастап, екі миллион теңгеге дейін, қажет болса одан да қымбат болып шарықтап ұшып кете береді. Соған сай ассортимент те үлкен. Сәнді, стильдік бағыттарға негізделген көйлектер, өзге түсті көйлектер, кең етек қуыршақ көйлектер, гүлді, сымбатын айқын көрсететіндері де бар. Тастармен, маржан-гауһар, сваровский, француз шілтерісімен көмкерілген, етегін екі метр жерген сүйреткендері де жиі сұралады. Бұның бәрі қиялдағы образды өмірде қайталау үшін жасалған жұмыстар.

Жалпы, тойдағы қалыңдықтың көйлегіне қарап, болашақ қайын жұртының келінге деген ықыласын байқауға болады. Бастысы, қандай көлек кисе де жараса қалатын қазақ қыздарына көз тимесін!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар