Банк ВТБ (Қазақстан) өзінің тоғызыншы туған күнін атап өтпек. Әрине, осы уақыт аралығында банк мыңдаған отандастарымыздың арманын орындап, мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесті. Ал, мерекеге орай ВТБ клиенттеріне жақсы көңіл-күй сыламақ. Дәл сіз 18 ақшалай сыйлықтың бірін ұтып ала аласыз. Басты сыйлық 1 000 000 теңге.


Айбек Айтаков, Банк ВТБ (Қазақстан) менеджері:
«Жыл басында біз өз клиенттерімізге сауал жүргіздік – олардың банк өнімдерін не үшін қолданатынын сұрадық және сұрау барысында олардың көпшілігінің банкке өз армандарын іске асыру және қойылған мақсаттарына жету үшін жүгінетіні анықталды. Яғни біз адамдардың дамуына, бұдан да бақытты болуына көмектесеміз. Бұл қорытынды біздің бүкіл ұжымымызды қанаттандырды және біз өз клиенттеріміз үшін бұрынғыдан көп игілікті істер жасауды қаладық. Осылайша «ҚАЛАУЫҢА ҚАДАМ БАС» Акциясының идеясы пайда болды, оған 21 мамырдан 31 шілдеге дейін «қолма-қол ақшалай кредит» және «қайта қаржыландыру» өнімдерін пайдаланған барлық клиенттер қатыса алады».


Кепілсіз кредиттер – қазақстандықтар арасындағы ең көп таралған түрі. Иә, бұл мәліметті түсіндіру қиын емес. Өйткені, оны көбісі пәтер, көлік алуға немесе той өткізіп, балалардың оқуын төлеуге әлде саяхатқа жұмсайды.
«Қалауыңа қадам бас» Акциясы барысында 2018 жылғы 27 шілдеде және 27 тамызда екі ұтыс ойыны өткізіледі. Олардың әрқайсысында 9 ақшалай сыйлық ойнатылмақ. Акцияның жалпы жүлде қоры екі 1 000 000 теңгелік, екі 500 000 теңгелік және 14 дана 100 000 теңгелік сыйлықтан тұрады. Акция шарттары туралы толығырақ мәліметті банк сайтынан, 5050 нөмірі бойынша контакт-орталықтардан немесе банк бөлімшелерінен білуге болады».


Ал, кредитке тапсырысты сіздер тіптен үйден шықпай сайттан бере аласыздар. Айта кетейік, бүгінде Банк ВТБ (Қазақстан) барынша тартымды мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге дейін қолма-қол ақша түрінде 4 000 000 теңгеге дейін сома ұсынады. Бұл қарызды бергенде қарыз алуға өтінішті және қарыз алуға құжаттарды қарағаны үшін комиссия алынбайды. Ендеше, асығыңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар