«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»,-деп бекер айтылмаған. Ал, ұлттық дәстүрді сақтау әрі қайта жаңғырту тек біздің қолымызда. 1 шілде күні- домбыра күні мерекесі. Салтанатты іс-шара белгілі домбырашылардың басын қоспақ. Олардың ішінде Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Айгүл Үлкенбаевалар бар.

Шара Астанада, 12:00-де, «Қазақ елі» алаңында өткізіледі. Айта кетейік, домбырашылардың ауқымды көрсетілімнен кейін мерекелік концерт жалғасын табады. Онда еліміздің белгілі әншілері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, алаңда этноауыл ұйымдастырылып, домбыра мұражайы мен қазақтың басқа да ұлттық аспаптары көрсетіледі. Айтпақшы, сіздер де жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсете аласыз. Ол үшін, тек www.asyldombyra.kz сайтында тіркелуден өтіп, қатысуға жолдама алу қажет. Ендеше, домбыраның күмбірлеген үні шығатын аламан жобадан қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар