Жарты жыл бұрын елдің сүйктісі Ернар Айдар үлкен кешін өткізді. Расында да, оның «Күнім сен сөнбеші» концерті ерекше болды. Өйткені, жантүршігерлік апатқа түскен Ернар үшін халық қатты қобалжып, қайта тұрып кетуін тіледі. Міне, сері жігіт аяққа тұрып, бар күш-жігерін жинап ән салып, билеуге тиым салынса да сахнаның шаңын шығарды. Содан соң, уақытты өткізбей әнші 8 наурызда арулардың құрметіне Астанада кеш өткізді. Әрине, екі қалада да Ернар Айдар барын салды.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін Ернар тағы концерт өткізбек. Бірақ, бұл жолы «Күнім сен сөнбеші» емес, «Қазақтың жігіттері» деген атаумен. Концерт 7 шілдеге жоспарланған. Айтпақшы, аталмыш күні эстрадамыздың «мен-мен» деген серілері өнер көрсетеді.

Иә, Тоқтар Серіков , Мұқасан Шахзадаев, Саят Медеуов , Мейрамбек Бесбаев, Досымжан Таңатаровтың әндерін тыңдап өскен әнші-балапан бүкінде олармен бір сахнада өнер көрсетіп жүр. Ернардың арманы орындалды. Ендеше, концерттен қалмаңыздар.

Алашұлы тобының жігіттері Алматының тұрақты тұрғындары болса да, өте жиі елордаға барып тұрады. Бұл жолы да Мақсат, Әзімбек және Ерзат Астанаға жол тартты. Оған себеп болған су жаңа «Гүл Астана» әніне түсіріліп жатқан бейнебаян. Локациялардың барлығы жас қалада. Өйткені, топ Астананың әдемілігін тек әнмен емес, бейнеклиппен де жеткізуді жөн көрді. Бұл топтың Астананың 20 жылдығына арналған сыйлығы. Жаңа дүние трэктік болмақ. Айтпақшы, Алашұлдықтар киімдерін өздері таңдапты. Сонымен қатар, бір күн бұрын топтың жанкүйерлері, яғни «Рухтылардың» туған күні болды. Топ мүшелері жанкүйерлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ендеше, бейнебаян жарыққа шыққан соң, бағасын бере жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар