Сүйінші! Отандастарымыз Башқұрстаннан жүлделі орындармен оралды. Уфа қаласында «Урал-моно» байқау-фестивалі өткен болатын. Гран-приді қазақстандық Расул Құрбанов алса, екінші орынға Ерден Жақсыбек ие болды. Расул уйғыр халқының мәдениетін жеткізіп, «Вспомнишь ли ты меня» атты әнін орындады. Ал, Ерден «Ай-қаракөз» халық әнімен қоса, өзінің репертуарындағы «Жұмбақ бағым» атты туындысын паш етті. Айта кетейік, «Урал-моно» түркі тілдес халықтарының фестивалі. Шараға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Дагестан, Татарсан, Башқұрсан және тағы басқа елдерден 26 өнерпаз қатысты. Айтпақшы, Гран-придің иесі Расул 250 мың рубльға қол жеткізді. Естеріңізге салайық, Ерден Жақсыбек Алмас Кішкенбаевтің V-Alem тобында болды. Ал, бүгінде әнші Алуа Қонаровамен жұмыс істеуде. Ендеше, Той Думан арнасы жеңімпаздарды құттықтайды. Алар асуларыңыз көп болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар