«Байдың қыздарын» «болсаң да ұзын шашты, қысқа екен ғой ақылың» деп соңғы туындысында сөккен Расл мен Адок тобы енді жұлдыз ауруына шалдыққандарға жауап берді.
Расл мен Адок тобы:
«Бұйырса бізде жаңа бейнебаян шығайын деп жатыр. Бейнебаянымыздың әні мен сөзі Қарақойшыныкі. Иә? Ерболат Қарақойшынікі».


Әй жігіттер, әннің авторын ұмытқандарың дұрыс болмады-ау. Жарайды, Қарақойшыныкі шығар...
«Жұлдыз ба не ол?» деген кезде жұлдыз ауруымен ауыратын бар, мүмкін сол кісілерге арнап шығарған ба. Енді композитор, сөзін жазған жігіт осындай ән ұсынды бізге. Біз соны қабыл алып, орындадық жақында».


Айтпақшы, бұл топтың 5-ші бейнеклипі. Әрі тізімде ең қымбаты екен.
«Бізден кейбіреулері сұрайды сендердің бейнебаяндарын неге зеленкаға түсіресіндер деп. Бізде өйткені продюсер жоқ. Шағын бизнесіміз бар. Бұл бірінші бейнебаян бізде ең қымбат болып кетті».


Топты сөккендерге Адоктің жауабы дайын.
«Қолдан келгенше тырысып жатырмыз. Бір нәрсе айтқым келетіні, егерде осыны қиып тастамаса. Кейбіреулері сұрайды неге бейнебаяндарыңызды мынандай қылып істемейсіздер деп. Мен айтайын ондай бейнебаян істеу үшін көп қаражат керек».


Бейнебаянда әзіл көп болған соң, әрине рөлдер белгілі әзілкештерге бұйырды.
«Рөлдерде ойнаған бізде Жахан Отырғалиев. Жахан ол деген Сәпөш, ол деген жездуха, тамада, асаба жігіт. Қыздың рөлін ойнаған КТА-да ойнаған, Қарағанды құрамасынан Қарлығаш деген қыз ойнады. Өте бір керемет бейнебаян болды».


Ендеше, нәтижесін күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар