Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова сүйіншісімен бөлісті. Иә, иә талай еңбек етіп, туындыларын халықтың жүрегіне жеткізе білген Мақпал ханым мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» атағымен марапатталды. Қуанышында шегі жоқ әнші бұл туралы өз тыңдармандарымен әлеуметтік желіде бөлісті.

Сөз соңында Жүнісова ханым барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Ал, желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Айта кетейік, Мақпал ханым 21 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ал 31 жасында ҚР Халық артисі атанған. Ендеше, біз елдің сүйікті әншісін құттықтаймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар