«Оппа-диду» әні бүгінде тойларда хит. Алайда, хит әннің орындаушысын көбісі біле бермейді. Ендеше, таныс болыңыздар. Оның орындаушысы Кемал Сейтжан.

Кемал Сейтжан, әнші:

«Түсірген әнім «Арман-гүлім» деген ән. Екінші бейнебаяным. Ол әнді 2012-де жазған болатынмын. Халыққа жетіп барып бұл әнге бейнебаян түсірдім ойланып».

Жүрегі өнер деп деп соққан Кемал, негізі өзге саланың маманы.

«Ақтау қаласында болғанмын. Негізі менің салам басқа салада болды. Мұңай саласында жұмыс жасадым көп жылдары. Қосымша ретінде әнді орындадым. Алматыға келгеніме бір жылдай уақыт болып қалды. Қазір Алматыда жұмыс жасап жатырмын».

Бейнеклипті тамашалап үлгерсеңіздер, локация циркте болғанын байқаған боларсыздар. Ол жерді әнші арнайы таңдаған.

«Қазіргі таңда әндердің көбісі машина, қызбен түсірген клиптер көп болып кетті. Сол себептен кішкене қызықты болып, күлкі жанрда түсірген жағдайымыз бар. Бір жағынан халықты циркке шақыру. Және де мәдениетке қосқан үлесіміз болсын деп».

Айтпақшы, аталмыш туындыны әншінің рұқсатысыз басқалар оырндап жүр.

«Бұл әннің авторы әкем десем де болады, папамның құрдасы Аманжол Кемаловтың әні. Бұл ән плагиат емес. Әнді өзім орындаймын. Сол себептен де бейнебаян түсірдім. Себебі бұл әркімнің орындауында болды бұл ән. Тойларда орындалды. Бұл ән плагиат емес екенін дәлелдеу үшін бейнебаян түсірдім. Себебі ән менің атымда, бұл ән менің әнім».

Алайда, «оппа-дидуды» орындап жүргендерге Кемал Сейтжан ренжімейді.

«Бұл ән тойда айтылғаннан кейін, көп адамдар орындап жүр. Біреуі сұрап жатады, біреуі сұрамайды. Себебі орындап жатқаны мен үшін де плюс. Орындай берсін. Мен олардан қызғанып та, ештене де қылмаймын. Маған жарнама сияқты болып тұр».

Ырғақты әнімен танылған әнші жуырда басқа қырынан танылмақ.

«Мен өзім лирикалық әншімін. Бұйырса, осы бейнебаяннан кейін, күзге қарай екінші жәй әнге бейнебаян түсіргім келеді».

Ал, сіздер бейнеклипті әлі тамашалап үлгермесеңіздер, эфирден немесе ресми youtube каналымыздан көре аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар