Биыл Астанаға 20 жыл. Әрине, бұл еліміз үшін айтуылы мереке. Сондықтан, елордада түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Өнер адамдары да өз үлестерін қосуда. Жылдың басында әншілер жеке кештерін Алатау бөктеріңде, Алматыда өткізсе. Енді көбісі Астанаға жол тартты. Ал, жуырда өнерпаздарды тағы бір кеш бірітірмек. «Жасай бер, қазақ елі» атты концерт 29 маусымға жоспарланған. Әнге толы концерт 29 маусымда, «Астана» концерт залында болады. Аталмыш күні белгілі әншілер өнерлерін көрсетпек. Олар Бағдат Сәмединова, Нұржамал Үлкенбаева, Жеңіс Ысқақова, Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Гүлмира Ақүрпекова, Әйкерім Қалаубаева және басқалар. Ендеше, қапы қалмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар