Сүйінші! «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінде басты рөлді сомдаған отандық актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайдың Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды. Көркем фильм жалғыздықтың күйін кешіп жүрген балалар үйінің 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығы туралы. Ал, туындының режиссері әрі сценарий авторы – Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов.

Басты рөлдерді Ануар Толеугажы және Төлеубек Аралбай сомдады. Айта кетейік, киноны түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өтті. Картинаның тұсаукесері 2017 жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Сонымен қатар, туынды қазан айында еліміздің кинотеатрларынан көрсетілді. Еске сала кете кетейік, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілген еді. Ендеше, біз Төлеуек мырза мен шығармашылықты топты құттықтаймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар