Жұртты мұрт өсіріп таңқалдырған Нұрболат Абдуллин Баку қаласына жол тартты. Сол елдің азаматтарына ұқсап кеткен әнші өзге елге жұмыс бабымен кеткен болатын. Арнамыздың тілшісі Нұрболатқа хабарласты. Алайда, әнші сапарының мақсатын құпияда қалдырғанды жөн көрді. Абдуллин елімізге оралғанда міндетті түрде бірінші сұхбатты арнамызға беруге уәде берді. Ең қызығы, әнші Әзірбайжанда талай пікірлер тудырған мұртымен қош айтысты.

Әншінің бұл қылығын кейбір оқырмандары қолдаса, өзгелері теріс пікір білдірді. Мүмкін, Нұрболаттың бұл ісін шығармашылығы талап еткен шығар. Ал, оны сіздер алдағы жаңалықтарда білесіздер. Өйткені, Нұрбуллин сіздерді таңқалдырып, сырымен бөліседі. Ендеше, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар