Тәтті дауысымен талай аруларың жүрегін жас әнші Иса Алимұсаевтың биылғы жоспары бүкіл елді гастрольдік сапармен аралау. Міне, оразадан кейін әнші білек сыбана жұмысына кірісті.


Иса Алимұсаев, әнші:

Гастрольдік сапар жақсы өтіп жатыр. Қыста бастаған болатынбыз. Ақмола облысы, Қостанай, Ақтөбе өңірін, Қызылорда өңірін араладық. Енді бұйырса осы Қарағанды өңірін қайтадан барайын деп жатырмыз.


Әншілер түрлі келеңсіз жағдайларға тап болады. Әсіресе, гастрольдік сапарда.

Осы Рамазан айынан кейін негізі біз Батыс өңіріне шығу керек болатынбыз гастрольдік сапармен. Оны жариялап қойған болатынбыз. Бірақ, ұйымдастырушылардың немқұрайлығымен ол шегерілді. Бірақ, 2018 жылдың соңына дейін міндетті түрде баратын боламыз. Бірақ, қазір 30 маусымнан 8 шілдеге дейін Қарағанды өңіріне жоспарлап отырмыз


Ал, жуырда Алимұсаев дуэтте ән шырқамақ. Алайда, ол әншінің есімін құпияда қалдырғанды жөн көрді.

Бұйырса бізде жаңа ән жазылды, жаңа дуэт. Оның әнін жазған Есен Жүсіпов, сөзін жазған Рамазан Амантай. Енді эстрадада өзіндік орны бар әпкеміз. Оны әзірге құпияда сақтай тұрайық. Жақсы бір дуэт шығайын деп тұр.


Көп ойланып, Иса сырымен бөлісті.

Жарайды, айтайын. Ол кісі енді қазақ эстрадасында өзіндік бір дауыс иесі, қазақ эхстрадасындағы сұлу әпкелеріміздің бірі Гүлнұр Оразымбетова деген әпкеміз.


Жуырда ол Гүлнұр Оразымбетовамен бейнебаян та түсіреді.

Енді бізде екі жақтан да ұсыныс болды. Өйткені ол айлап жоспарлаған нәрсе емес. 3-4 күнде аяқ астынан болған жағдай. Сол 3-4 күнде әнді де, барлығын жазып тастаған болатынбыз. Енді бұйырса бейнебаянның жұмысына кірісейін деп жатырмыз.


Ендеше, өнерпаздардың нәтижесін көре жатарсыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар