Күні кеше талай арулардың жүрегін жаулап алған Артур Төлепов бойдақтығымен қоштасты. Айта кетейік, оның бауыры Асылхан Төлепов күзде Айсұлумен шаңырақ көтерген болатын. Дәл сол тойда Артур сұлу қызға ұсыныс жасады. Бұны күтпеген қауым Артурдың ісіне таңдана қарап, арудың жауабын күтті. Жас актердың жүрегін жаулаған Мадина келісімін берді.


Иә, тойда осындай қызық орын алды. Бүкіл туған-туыстың алдында Артур Мадинаны бақытты қылуға уәде етті. Шынымен де, халық тойды күтті. Тіпті, той болмайды ма деп те алаңдады. Бірақ, сері жігіт уәдесінде тұрды. Ол сүйген аруын күні кеше Қарағандыдан алып кетті. Айтпақшы, оның қалыңдығының да тегі енді Төлепова. Ендеше, Артурға Той Думан арнасы қоңған құсың басына бақ болсын, ал Мадинаға орамалың құтты болсын дейміз. Жуырда үлкен той болады. Сондықтан, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар