Жеңіс Ысқақова

Жеңіс Ысқақова артық салмақты денсаулығына байланысты қосып алған. Бірақ, әнші небәрі 2 айдың ішінде 16 келі тастады. Дұрыс тамақтану мен белсенді өмір, жақсы көңіл күйдің арқасында дейді сымбатты орындаушы. Жеңіс ханымның үнемі қасында болып, демеу көрсеткен оның өмірлік жолдасы. Әншінің айтуынша, сымбатты болудың бірден бір жолы-жақындарыңның сүйіспеншілігі мен қолдауы.


Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева да толығуға бейім жұлдыздардың бірі. Бірісе толық, біресе «талдырмаш сымбатымен» сахнаға шыға келетін Алтынай ханым да артық салмақтан арылу үшін «артық» тағамнан жиі бас тартады.... Сонымен қатар, Алтынай ханым «арықтағысы» келген аруларға «спортпен тұрақты түрде» айналысу керек деген кеңес береді.


Қарақат Әбілдина

Қай болмысымен де ажарлы көрінетін арулардың бірі -Қарақат Әбілдина. Көп балалы ана үшін бқл тіпті жарасып тұратын сияқты кейде. Бұның сыры бәлкім, Қарақатың өз дене бітіміне сай образдарды сауатты таңдай алуында болар?! . Әнші «Сымбатты дене бітімді сақтау үшін- дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Арасында тәттіден және ұннан жасалған тағамдардан бастартуға тура келеді... » деген ұстанымда.

Мадина Садуакасова

Алғашқы сәбиін босанғаннан кейін Мадина да біраз салмақты қосып алғанына куә болдық. Бірақ, тынымсыз жаттығулар мен дұрыс тамақтанудың арқасында әнші аз уақытта сырт келбетін қалыпқа келтіріп үлгерді. Мадинаның пікіріне сүйінсек, таңертең ұйықтамай күнделікті жүгірудің өзі сыртқы келбетіңізге айтарлықтай әсерін тигізеді.


Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр ханымды «артық салмақты арулар» қатарына қоса алмаймыз... Керісінше, ақынның инста-парақшасы қыз- келіншектерге арналған дәмді тағамдарға толы. Бірақ, Айнұр ханым дұрыс тамақтану жолдары мен кеңестерін жиі жариялайды. Денсаулыққа пайдалы сусындар, дәрумендер мен олардың жасалу жолдары бәрі бар... Тек, сол тағамдарды уақытылы және дұрыс мөлшерде қолдансаңыз болғаны...

Қазақ – тойшыл. Кең дастарханнан дәм татпау, көрсетілген құрметтен бас тартумен тең. Қай мәзірдің де мөлшері мен үйлесімін блсеңіз, тәбетіңіз талғамды киінуге кедергі келтірмес деп ойлаймыз.



0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар