Жарасымды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның тұңғыштары Бекболат еліміздегі ең ақылды жастарға жетекшілік етпек. Ол бұдан былай зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арналған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы болмақ. Айта кетейік, Бекболат бұған дейін еліміздегі ең білімді жастар қатарына кірген болатын. Ол IQ Start интеллектуалды тестілеуде 400 адамның ішінен озық шығып, үздік 7 адамның қатарына кірген. Енді, міне елімізде алғаш рет ашылған ұйымға жетекшілік етіп отыр. Аталмыш ұйым тұжырамасы 100-ден аса мекмлекетінде бар. Баласының бұл жетістігіне Қарақат ханым қуанып, тіпті бұл мәліметті өзгелерден естігенін айтты. Естеріңізге салайық, бір ай бұрын Болманов жас түлек атанған болатын. Жас болса да, осындай жетістіктерге жеткен Бекболатты Той Думан арнасы құттықтайды. Алар асуларын көп болғай.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар