Белгілі сәнгер Жадо Сахиева кезінде сән әлемімен қоса, шоу-бизнесте өз орнын продюсерлік өнерімен ойып алды. 5 жылдай продюсерлікті қолға алмаған Жадо міне жұмысқа білек сыбана кірісуде.

Жадо, продюсер:

Біраз уақыт мен продюсерліктен кетіп қалып едім, тек қана сән әлемінде жүрдік. Мен ойлаймын уақыты келген шығар. Біразы ойлайды топ деп. Мен топ емес, ойлап отырымн солист. Мүмкін талантты балдар болып жатса, неге жасамасқа топ? Бірақ, көбінесе солистті іздеп жатырмыз.


Ал, болашақ жұлдызға мынадай шарттар қойылуда.
Шарттарды айтып кетсек, енді 20-дан асқан жас балдарымыз, әрине тек қана әнші емес, актерлық шеберлігі болып жатса, модельдік шеберлігі болып жатса жақсы. Кастинг жақын арада болады. 0116 Сол кезде инста парақшамызға хабарласса болады.


Жадо ханымның бұл салада тәжірибесі де бар.

Алматыға көшіп келгенде біз группа «Жадомен» айналыстық, инструментальный этно-хаус тобымыз болды. Одан басқа «Тел Қоңыр» тобымыз болды. Содан кейін уақыттары бітіп қалғаннан кейін, 5 жыл болды мен тек қана сән әлемімен би әлемімен жұмыс істедік.


Іздеу салынған таланттың бағыты мынадай болмақ.

Сән үйіміз ұлттық нақышта болғандықтан, әрине қазақи нақыш қой. Бірақ енді, оған қарамастан қазір неше түрлі стиль бар, k-pop дейміз, модерн. Сол демекші, әрине жастарға бағыт алып отырамыз.


Айта кетейік, Жадо ханымның хабарламасы тек жігіттер қауымына арналған. Өйткені, арулармен жұмыс істеу қиын дейді продюсер.

Бізбен жұмыс істеу өте қиын. Өйткені тек әнші болмайды, актер , модель болады. Жұмыс қиын болғандықтан, біз еразаматты таңдап отырмыз.


Ендеше, Той Думан арнасы қатысушыларға тек сәттілік тілейді.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар