Үлгілі отбасы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина даудың астында қалды. Белгілі қолөнерші Ырза Тұрсынзада оларды "Алтын Орда" халықаралық қолөнершілер академиясының ғимаратын тартып алды деп айыптауда. Жуырда Ырза Тұрсынзада БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзін ашындарған мәселе жайындажайып салды. Ырза ханымның айтуынша, бұрын жұлдызды отбасымен ара-қатынастары жақсы болған. Алайда, бүгін қолөнерші жұлдызды жұптың екіжүзділігіне қайран қалып отыр. Айта кетейік, аталмыш ғимаратты Тұрсынзада ханым 2009 жылдан бастап жалға алған. Кейін әкімдік оны жол салу үшін сүреміз деп шешім қабылдады. Ал, өз тарапынан Ырза ханым сол кезде әкім болған Иманғали Тасмағамбетовке жолығып, жағдайын түсіндірді. Қысқасы, коттедж сол күйі қалды. 10 жыл жұмыс істеген ғимараттан айырылған кезде, дизайнер Астанада болмаған. Әрине, Қыдырәлі мырза мен Қарақат ханымды халық сұрақ астына алды. Алайда, жұп бұл оқиғаның мән-жайын түсіндірмеді. Тек, инстаграм парақшасында Болманов мырза «бұл қып-қызыл жала» деді. Олар істің ақ-қарасын айтуға дайын. Сондықтан, жуырда БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, құжаттар арқылы жауап бермек. Ендеше, күтіңіздер. Бұл даудың немен аяқталарын Той Думан арнасы жіті назарда ұстайтын болады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар