«Анаға апарар жол» кинотуындысының жарыққа шыққанына 2 жыл болды. Осы уақыт аралығында кино талай марапатқа ие болып үлгерген. Жуырда, аталмыш туынды Біріккен Ұлттар ұйымында өткен WeLink кинофестивалінде жоғары бағаланып, «Өмір жетістігі» номинациясындағы «Үздік көркем фильм» атанды. Бұнымен киноға байланысты жақсы жаңалықтар бітер емес. Күні бүгін, Ақан Сатаев инстаграм парақшасында тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Отандық «Анаға апарар жол» туындысы осы күзден бастап АҚШ-тағы үлкен экрандардан көрсетіледі. Ендеше, біз шығармашылық ұжымды құттықтаймыз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар