Жеке шығармашылығына білек сыбана кіріскен Ердос Қанаев бұл жолы Нұрсұлтан Нұрбердиевпен «Қайдасың» атты әнге бейнебаян түсіріп, жас әншінің арманын орындады.
Нұрсұлтан Нұрбердиев: "Талай жанға арман, өзіме де арман болған «Жігіттер» квартетінің белді мүшесі Ердос Қанаев ағамызбен дуэт айту арман болатын. Сол арманды жүзеге асырып, бірінші Аллаға, екінші Ердос ағамыздың арқасында тамаша бейнебаян түсіріп жатқан жәйіміз бар" - деп, ағынан жарылды.
Аталмыш туынды 2017 жылы жазылған. Алайда, өзге әншілер Нұрсұлтанды озып, бірден Ердос мырзамен бейнебаяндар түсірген болатын. Бүгінде "Қайдасың" әніне де кезек келді.
Жуырда екі серінің жұмысы жарыққа шығады. Ендеше, күтіңіздер.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар