Екі кеменің ескегін ұстаған суға кетер дейді атам қазақ. Алайда, бұл жолы емес. Өйткені, Мөлдір Әуелбекова әншілік пен продюсерлікті қатар алып жүргендердің бірі. Әрі екі жұмысы да сәтті шығуда.

Мөлдір Әуелбекова: "Екі бірдей бейнебаян түсіреміз. Бұл «Гүлмін» және «Абайла» деген екі әнге түсірілетін болады. Біреуі сюжеттік, біреуі трэктік. Сонымен қатар, жуырда «Күнім-ай» деген әнге саундрэк түсірілген болатын. Ол эфирге де шығу керек. Кинофильм болғандықтан, монтаж ұзақ болып жатыр. Сондықтан, қазір күтудеміз" - деп, жаңалығымен бөліскен болатын.


Осыдан 15 жыл бұрын жас болса да, тәжірибесі мол Әуелбекова сахнаға алғаш қадам басқан.
Соған сәйкес әнші еліміздің барлық өңірлерін аралап, жанды дауыста есеп беру концерттерін өткізуде. Әзірге Астана мен Алматы қалаларындағы шығармашылық кештерінің қашан өтетіні белгісіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар