Күні кеше Ақтөбе қаласында ұлан-асыр той өтті. Қуаныш ақын, композитор, сегіз қырлы бір сырлы Шынберген Сүлейменовтің шаңырағында болды. Оның ұлы Ержан үйге келін алып келді. Ержанның жүрегін Ақжеңіс атты сұлу қыз жаулап алыпты. Батыстағы ең ірі қалада еліміздің түкпір-түкпірінен өнер адамдары жиналған болатын. Оған себеп болған әрине үлкен той. Шынберген мырзаны силап келгендердің арасында Заттыбек Көпбосынұлы, Абай Бегей, Роза Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа, Айгерім Мамырова, Төреғали Төреәлі және тағы басқа әншілер бар. Ендеше, екі жастың көтерген шаңырағы биік, босағалары берік болсын!

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар