Жаз мезгілі бастала салысымен отандық жұлдыздар үшін тойдың "сезоны" да ашылды. Бір күнде 3-4 қуанышта ән салып үлгеретін әншілер үшін той-бизнес өте тиімді. Ал, «келін түсіріп, қыз ұзату» – әр қазақтың арманы шығар. Қазіргі таңда қыз ұзату тойы үйлену тойынан артық өтпесе, кем өтпейді. Иә, бұның барлығы үлкен қаражатты талап етеді. Сондықтан, қыз ұзату тойының ханшайымы Жазира Байырбекова қайырымдылықпен айналыспақ. Жазира ханым жағдайы төмен отбасылардан шыққан қыздарды тегін ұзатуды ойлап жүр. Байырбекова ұзатылар қыздардың тарапынан сұраныс көп түскендіктен, осындай қадамға барып отыр. Алайда, Жанболаттың жары бір күнде тек 2 арудың өтінішін орындайды. Сонымен қатар, қай күндері әнші бос екенін сіздер оның инстаграм парақшасынан біле аласыздар. Ендеше, мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар