Осыдан бір апта бұрын біз актер Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованың бірге Берік Сексенбекұлының «Жаным» атты бейнебаянында ғашықтардың рөлін сомдағанын айтқан болатынбыз. Тіпті, сол кезде Бауыржан мен Альбинаның көздерінен сезімді байқағандар аз болмапты. Сол кезде ұзын құлақтан естуімізше, олар тек экранда емес, өмірде де жұп екен. Иә, бұл ақпарат рас болып шықты. Күні кеше, Шардарова Сатовтың жары атанып, туған жері Шымкенттен ұзатылды. Айдай сұлу Альбинаны өнердегі әпкесі Мәдина Сәдуақасова ұзатты. Ендеше, біз екі жасқа махаббаттарыңыз баянды, көтерген шаңырақтарыңыз биік, босағаларыңыз берік болсын дейміз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар