«Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар байқауы Мәскеу іргесіндегі Мытище қаласында ұйымдастырылды. 2011 жылдан бастау алған шараға Қазақстан осымен үшінші рет қатысып жатыр. Ресейлік конкурста 11 елдің әншілері бағасын сынады. Байқау ережесі бойынша қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінен өткен болатын. Ал, сахнада Сая екі ән орындады. Біріншісі авторлық «Қазағым» әні, ал екіншісі «Кукушка» туындысы. Конкурста қойылатын ең жоғарғы баға 70 болса, Сая Махамбет 68 ұпаймен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Кукушка» әнін Болгарияның өкілі де орындаған еді. Алайда, отандасымыздың өнері қазылар алқасының көңілінен шығып, Сая еліміздің туын Ресейде желбіретті.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар