Сүйінші! Сержанәлі Әлібек әке атанды! Әншінің жары Ақбаян шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келді. Бұл Сержанәлі мырзаның тұңғышы. Айта кетейік, ол былтыр ғана бетін ашып, биыл үлкен той өткізген болатын. Әнші бұл жаңалығымен өз парақшасында бөлісіп, жарына рахметін айтқан болатын. Ал, желі қолданушылары өз тарапынан жас отбасын құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Ендеше, Той Думан арнасы да жарасымды жұпты құттықтайды. Ұлыңыздың бауы берік болсын.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар