«Жігіттер» квартетінің солисті Бағлан Әбдірайымов араға алты жыл салып екінші мәрте әке атанды. Ол инстаграм парақшасына видео жүктеп, сүйінші сұраған болатын. Әнші жақсы жаңалығымен бөлісіп, сынақ пен қуаныштың қатар берілетіндігін айтуда. Айта кетейік, Бағланның анасы ауруханаға түскен болатын. Ал, қуанышты хабарды естіп, әнші есімді тыңдармандарымен бірге таңдауға кірісті. Біріншісі Әдина болса, екіншісі Айбике. Бүгінде бүлдіршінге ат әлі қойылған жоқ. Ал, жұлдызды жұптың тұңғыш сәбилерінің аты Айқаракөз. Ендеше, Той Думан арнасы Әбдірайымовтар отбасын құттықтайды.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар