Соңғы жылдары байқасаңыздар, көптеген қазақстандықтар емделу үшін шетелдегі ауруханаларды таңдайды. Ал, «Медициналық туризмнің» ең танымал бағыттарының бірі – Оңтүстік Корея. Таңғы балғындық елінің клиникалары тамаша диагностикамен, жоғары технологиялық жабдықпен және дәрігерлердің сапалы тәсілдерімен танымал. Осындай турлардың құны бірнеше жүзден бірнеше мың долларға дейін құбылып тұрады. Алайда, қиын жағдайда көбісі қаражатты қарызға алуға да дайын. Сондықтан, біз Корея мемлекетінде емделіп, қалай ақшаңызды үнемдеуге болатындығы туралы айтып береміз.


«Меди сити» деп аталып кеткен Тегу қаласы өзінің әртүрлі бағыттағы және мамандықтағы университеттік ауруханалар мен жеке клиникаларымен танымал. Аталмыш қалада жаңа препараттар мен жоғары технологиялық медициналық жабдықты жасап шығару белсенді түрде дамуда. Тегуде емделу арзанырақ болса да, сапасы астаналық клиникалардан төмен емес. Бұл жерде медициналық туристер үшін барлық жағдай жасалынған. Өйткені, кез-келген қызметтер көбінесе турдың құнына кіретін аудармашылардан бастап емделушілермен бірге келген туыстарға арналған жату орындарға дейін ойластырылып қойған.


ВТБ (Қазақстан) Банкінің менеджері Динара Смагулова: «Банк ВТБ (Қазақстан) жақында өзінің клиенттеріне арналған бағдарламасының аясында осы Оңтүстік Корея қаласының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді біздің банктің картасына ие кез келген қазақстандық 30% дейін жеңілдікпен Тегу клиникаларында әртүрлі бағыттағы медициналық қызметтерді ала алады. Қызметтерді төлеуге арналған карталар дебеттік және кредиттік болады. Және біздің карта бойынша бүкіл әлемде қызмет алу өте қолайлы".


Егер сіз Корея елінде емделгіңіз немесе диагностикадан өткіңіз келсе, онда Банк ВТБ Қазақстан сізге көмектесуге дайын. Бейілділік бағдарламасының қатысушысы болу үшін банктің бөлімшесіне барып кез келген төлем карточкасын рәсімдеу керек. Клиникалардың тізімін әрі жеңілдіктерді сіздер менеджерден біле аласыз. Айтпақшы, турды ұйымдастыру кезінде «Transavia» компаниясының көмегіне жүгінсеңіз болады. Өйткені, оларда Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін жеңілдіктер жасайды, ең бастысы туроператордың менеджеріне осы туралы ескертсеңіз болды. Айта кетейік, Тегу қаласында Сізді жағымды қоршаған орта мен халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлардың кеңестері күтеді. Ендеше, заманауи, дәстүрлі және конфуциандық мәдениет нысандарымен үйлескен қаланың көрікті жерлерімен танысуға бел бусаңыз, 5050 нөміріне хабарласып, толық ақпаратты біліңіз.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар