Өткен жылы Қазақстанда 3 банк жұмысын тоқтатты. Салымдарға мемлекеттік кепілдік беру жүйесінің арқасында, егер теңгелік жинақ шоттары бойынша жалпы сома 15 000 000 немесе валюталық шоттар бойынша 5 000 000 теңгеден аспаса, олардың клиенттері өз депозиттерінен ақшаны қайтара алады. Кепілдік берілген депозиттерді – өзіне деген сенімі берік, жұмысқа қабілетті басқа банктер жүргізеді. Мысалы, бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) жойылған Qazaq Banki-гі депозиттер мен шоттардағы қаражаттарды қайтаруда. Біз бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін анықтадық.

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның өкілі Арман Абылайхан: "Банк таратылған жағдайда Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры агент банк арқылы оның клиенттерінің депозиттері мен шоттары бойынша кепілдік берілген соманы төлейтін ережелер бар. Агентті таңдау үшін депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер арасында конкурс өткізіледі.Конкусты жеңу үшін, пруденциялық нормативтерді бұзбайтын және өзінің кепілдігін дәлелдеген банктер ғана жеңе алады. Qazaq Banki салымшыларына кепілдік берілген сомманы төлеу бойынша конкурста Банк ВТБ (Қазақстан) тағайындалған болатын".
Егер өз ақшаңызды сақтаған Банктің күйрегендігі туралы білсеңіз, бірінші кезекте қандай банк агент ретінде тағайындағанын анықтап, осы банктің кез келген бөлімшесіне кепілді сыйақы төлеу туралы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну қажет. Мұнда Сіз өз қаражатыңызды алудың үш тәсілінің бірін таңдай аласыз: кассадан қолма-қол ақша түрінде алу, кез келген банкке аудару немесе ол агент банктен депозит аша алады. Мамандар ұрлықтың орын алуын болдырмау үшін ақшаны қолма-қол ақша түрінде алмай, оларды банкте депозитте қалдыруға кеңес береді. Алайда бұрын таңдалған банктің жойылуын бастан кешірген адамдар тағы біреулерге өз ақшасын сеніп тапсырғысы келеді ме?
Арман Абылайхан: "Қорқудың қажеті жоқ. Депозиттерді кепілдендірудің мемлекеттік жүйесінің арқасында бүгінгі күні банктер ақшаны сақтау және көбейту үшін барынша қауіпсіз және тиімді жағдайлар жасайды. Әрине, өз ақшаңызды үйде сақтай аласыз. Бірақ, ұрлықшылардың үйіңізде ұрлап кетуіне кім кепіл? Бұл жерде қор көмектеса алмайды. Сонымен қатар, банкте депозит аша отырып, банктің пайызын алып және ақшаны көбейте аласыз. Бұл жерде ең бастысы, банкті дұрыс таңдау".

Банкті дұрыс таңдау үшін, бірінші кезекте Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры сайтынан оның депозиттерге кепілдік беру мемлекеттік жүйесінің қатысушысы болып табылатындығын тексеріңіз. Одан кейін банктің кредиттік рейтингіне баға беріңіз, ол банктің өз міндеттемелері, әсіресе салымдар бойынша жауап беруге дайын екендігін көрсетеді. Рейтингі неғұрлым жоғары болса, банк соғұрлым тұрақты. Сондай-ақ банктің депозиттер бойынша табыстылығына назар аударған жөн.
Банк ВТБ (Қазақстан)-ның өкілі: "Біздің банк нарықтағы ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. Қазіргі таңда банктің арнайы ұсынысы бар. Біздің депозиттер айыппұлсыз толтыру және алу мүмкіндігімен жылдық теңгемен алғанда 10,5% құрайды. Бұл нарықтағы ең жоғарғы пайыз болып табылады".

Банк ВТБ (Қазақстан) депозиттері туралы толығырақ ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша тегін қоңырау шалу арқылы немесе бөлімшелерден білуге болады.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар