Осы уақыт аралығында банк еліміздің барлық өңірлерінде филиалдарын ашты және банк нарығының барлық сегменттерінде көлемін өсіруін жалғастырып келеді.

Банк ВТБ (Қазақстан) өкілі Лаура Досова: «Тарихқа шамалы көз жүгіртіп өтейік. ВТБ Тобы халықаралық қаржы қызметтері нарығында көшбасшыларының бірі болып табылады. Оның құрамына Германиядағы, Ұлыбританиядағы, Кипрдегі, Грузиядағы және Анголадағы еншілес және қауымдасқан банктер, сондай-ақ Қытай мен Үндістандағы ВТБ банкінің бір-бір филиалдары, Сингапурдағы ВТБ Капитал филиалы кіреді. ТМД елдерінің арасында топ Арменияда, Беларуссияда, Қазақстанда, Әзірбайжанда бар». Қазақстанда ВТБ өз жұмысын 2009 жылы бастады. Бірінші кеңсе Алматыда ашылды, содан кейін бес жыл ішінде ВТБ филиалдары еліміздің барлық облыстарында пайда болды. Біртіндеп банк клиенттердің барлық санаттарына: жеке тұлғаларға, шағын және орта, ірі бизнестерге толық қызметтер спектрін көрсететін әмбебап қаржы институтына айналды.

Банк ВТБ (Қазақстан) өкілі Лаура Досова: «Бүгінгі күні Қазақстандағы ВТБ қызметін тұрақты негізде 106 мыңнан астам бөлшек және 8 мыңға жуық корпоративтік клиенттер пайдаланады. Бүгін, S&P Global Ratings халықаралық агенттігінің нұсқасы бойынша, ВТБ қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие, бұл сенімділік пен тұрақтылықтың айтарлықтай деңгейін көрсетеді». Онжылдықтың құрметіне, банк клиенттерге жеке тұлғалар үшін кредиттер, қайта қаржыландыру және депозиттер бойынша арнайы, неғұрлым тиімді шарттарды ұсынады. Сонымен қатар, ВТБ 3 айға дейінгі жеңілдікті кезеңмен кредит карталарын бере бастады. Елімізде клиенттерге кредит картасынан пайызсыз және комиссиясыз ақшаны ұзақ мерзімге пайдалануға мүмкіндік беретін басқа банк жоқ. Банк ВТБ (Қазақстан) өнімдері мен қызметтері туралы толығырақ ұялы телефоннан 5050 нөміріне тегін қоңырау шалып немесе банктің сайтынан біле аласыздар.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар