Онжылдық мерейтойына орай Банк ВТБ (Қазақстан) тұтынушыларын қуантпақ. Нақтырақ айтсақ, банк кредиттер бойынша арнайы шарттарды ұсынады: сыйақы мөлшерлемесі небәрі 15% бастап және қарызды кешігіп төлеуге жол бермеген тұтынушыларға бонус.

Лаура Досова, Банк ВТБ (Қазақстан)-ның өкілі:

- Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) сомасы 5 000 000 теңгеге дейін кепілсіз несиелерді 5 жылға дейін мерзімге әрі жылдық сыйақысы 15% бастап (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 16% бастап) шартымен ұсынады. Қарыз беру барысында өтінішті қарау және қарыз беруді ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды. Қазіргі таңда бұл қазақстандық ең тиімді ұсыныстарының бірі.

Сондай-ақ, ВТБ сыйақы мөлшерлемесінің 9% қайтарып беруге дайын. Кімге дейсіздер ғой? Кешігіп төлеуге жол бермеген ең жауапты тұтынушыларға.

Ақшалай несие жасы 22 зейнет жасына дейінгі тұрақты еңбекақысы, зейнетақы төлемдері және несие тарихы жақсы Қазақстан азаматтарына беріледі.

Айта кетейік, Банк ВТБ (Қазақстан)-да өзге банктердегі қарызды тиімді шарттармен қайта қаржыландыруға болады. Егер сіз басқа банк кредиттері бойынша жыл сайын 16% көп төлесеңіз – ВТБ банкіне хабарласыңыз. Өйткені, біз төлемді азайтып, тіпті кредит соммасын ұлғайтуға көмектесе аламыз.

Тұтынушылар кепілсіз несие алу үшін немесе қайта қаржыландыру үшін алдын-ала өтінімді үйден шықпай-ақ, банк сайтындағы үлгісін толтыру арқылы қалдыра алады. Одан кейін менеджерлер жақын арада хабарласады. Айтқандай, кредиттерімізді де қашықтықтан интернет-банкинг арқылы немесе банктің банкоматтары мен төлем терминалдарында төлеуге болады. Егер клиентке жаңа технологияларды пайдалану ыңғайсыз болса, ай сайынғы төлемдерді біздің бөлімшелерде немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде төлей алады.

Ал, қосымша сұрақтарға сізге Банк ВТБ-ның менеджерлері жауап береді. Тек 5050 нөміріне хабарласыңыз болғаны.

0 Түсініктеме

Әйгілі жаңалықтар