Жарнама

ЖАРНАМА БЕРУШІЛЕРГЕ

Toiduman.kz — қазақ музыкасының жетістіктері мен қазақ елінің мәдени және әлеуметтік өмірі туралы ақпарат беретін сайт. Сайттың негізгі міндеті — отандық музыка мен той-думан саласындағы бизнес құрылымдарды насихаттау, олардың сапасының артуына ықпал ету, отандық шоу-бизнес өкілдерінің оң имиджін қалыптастыруға әсер ету болып табылады. Той Думан арнасының сайтында жаңалықтар, отандық шоу-бизнес әлеміндегі өзекті ақпараттар, мерекелік іс-шаралардың бейнерепортаждары, сонымен қатар, мерекелік шараларды ұйымдастырушылардың, шоумендердің, аспазшылар, декораторлар мен флористердің, сұлулық салоны мамандарының сұхбаттары шығады. Сондай-ақ, үздік іс-шаралардың, event-агенттіктердің, мейрамханалар мен салондардың рейтингтері қалыптастырылады.

Аудитория

Той Думанның негізгі аудиториясы — жасы 18-ден асатын түрлі әлеуметтік топтағы қала мен ауыл-аймақ тұрғындары, еліміздің мәдениеті мен музыкасына қызығушылығы бар белсенді тұлғалар.

ТОЙ ДУМАН ЭФИРІ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕКЛИПТІ ТАРАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

Той Думан арнасына отандық орындаушылардың бейнеклиптері редакцияның толық техникалық және көркемдік талаптарына сәйкес келген жағдайда қойылады. Телеарна әртістердің бейнеклиптерін ақысыз және ақылы түрде таратады. Ақысыз түрде тек жаңадан шыққан бейнеклиптердің тұсаукесері тәулігіне 3 мәрте таратылады. Ақылы түрде күніне үш реттен жиі ротацияланатын бейнеклиптер таратылады. Ақылы ротацияның ережелері мен жағдайлары әр орындаушымен жеке талқыланады. Бейнеклипті телеарна эфирі арқылы тарату үшін, оны көркемдік кеңестің қарауына жолдау қажет. Ол үшін music@toiduman.kz электронды поштасына Youtube желісіне жүктелген немесе өзге видеохостингтегі бейнематериалдың сілтемесін жіберіңіз, немесе электрондық хатқа қыстырып жолдаңыз. Егер бейнеклип интернетте жарияланбаған болса, music@toiduman.kz электронды адресіне google drive, wettransfer.com, rghost.net, mail.ru cloud, yandex disc, dropbox немесе т.б. файл айырбастау желілері арқылы жолдауға болады. Клипті жолдау кезінде әннің атауы мен орындаушының есімін, туындының авторларын және байланысу жолдарын жазуыңыз қажет. Бейнеклип көркемдік кеңес тарапынан қолдау тапса, сіздің электронды поштаңызға хат жолданады. Көркемдік кеңестің шешімі өзгертілмейді. Егер сіз «Тұсаукесер» категориясына қосылуды қаласаңыз, бейнеклиптің телеарнадағы және интернеттегі алғашқы және эксклюзивті көрсетілімдер құқығы 2 аптаға дейін редакция меншігінде болады. Ол үшін бейнеклип желіде және өзге телеарналарға ұсынылмауы керек. Сондай-ақ, ұзақтығы 15–30 сек болатын клиптің трейлері тұсаукесер мерзімінен бір апта бұрын жіберілуі қажет.

Жарнама үшін

Біздің порталда жарнаманың әр түрін орналастыруға болады. Жарнама баннерлерімен қатар, түрлі арнайы жобалар шығаруға мүмкіндік бар. Біз әрдайым жаңа идеяларды қоштап, және жобалардың жүзеге асуына техникалық қолдау көрсетуге дайынбыз

Баннерлердің форматы мен орналастыру шарттары

Бағасы:
A1 – 1 000 тг. СРМ
A2 – 900 тг. СРМ
(ҚҚС есебінсіз)
Жеңілдіктер:
100 000 - 299 000 10%
300 000 - 599 000 15%
600 000 - 799 000 20%
800 000 және жоғары Жеке талқыланады
Қосымша төлем:
Бағыттандыру15%
Қос бренд20%
600 000 - 799 00015%
ТОЙ ДУМАН ТУРАЛЫ

БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫ